03.10.2021, 11:35

«Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді» - Тоқаев

Фото: ашық дереккөзі
Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!»,- деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.