$ 494.87  520.65  4.91

«Денсаулығы өте нашар»: Арон Атабектің жақындары оны мазаламауды өтінді

Себебі қазіргі күні Атабекке шетелде ем алу қажет дейді жақындары.

Шаңырақ оқиғасына" байланысты 15 жыл түрмеде отырған ақын, диссидент Арон Атабек бостандыққа шығатын болды деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бүгін Павлодар қалалық №2 соты Арон Атабектің денсаулығына байланысты жазасын жеңілдету жөнінде өтінішті орындаған.

Дәрігерлер Арон Атабектің дауасы жоқ сырқатқа (омыртқааралық дискісінің зақымдалуы) ұшырағанын анықтаған.

Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар, — делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетейік, Арон Атабек 2006 жылғы Алматыдағы "Шаңырақ оқиғасынан" кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арон Атабек