Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өз үйін баспанаға мұқтаж адамдарға сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz.
Қырғыз елінің басшысы осылайша қалталы азаматтарды да қайырымды іске қосылуға үндеу жасады.
Садыр Жапаров өзінің үйін "Мемлекеттік ипотекалық компанияның" қарамағына тегін аударып берген. Ол 2005 жылы бизнесте жүрген кезде сатып алған осы баспанасында бес жыл тұрған. Ал 2010 жылдан бастап қазіргі президенттің үйі балабақша ғимараты ретінде жұмыс істеп келген.
Мемлекет басшысының Бішкектегі екі қабатты зәулім үйін сатып, ол қаржыға он отбасына баспана алып бермек.