$ 494.87  520.65  4.91

«QazVac» вакцинасы халал сертификатын алды

«OtarBioPharm» биофарцевтикалық зауытында «QazVac» вакцинасын өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан болатын.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

 2 қазанда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – Бас муфтидің орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық «QazVac» вакцинасына «Халал Даму» ЖШС сертификатын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын «QMDB Halal» стандарты бойынша «QazVac» вакцинасын сертификаттау мақсатында ҚМДБ өкілдері: наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы; «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы; Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали және технолог, медициналық маман Айзат Сатаева институтта болып, «OtarBioPharm» биофарцевтикалық зауытында «QazVac» вакцинасын өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары