Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшысы Гао Фу қоғамдағы ғылым мен технологияның халықаралық форумында болашақта міндетті түрде вирустың жаңа түрі пайда болатынын мәлімдеп, оған қарсы тұру үшін қажет іс-қимыл ұсыныстарын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Гао Фудың сөзінше, болашақта дүние жүзінде "Х вирусы" пайда болады, алайда ол туралы әзірге мәлімет жоқ және ол кез келген жерде, кез келген уақытта пайда болуы мүмкін.
"Адамзат болашағы үшін проблеманы бірге шешу маңызды. Осыған байланысты "төрт С қағидасын" ұсынамын: серіктестік, бәсеке, қарым-қатынас немесе ақпаратпен алмасу, үшінші жақпен үйлесім табу", - дейді сарапшы.
Жоғарыда аталған қағидадан сарапшы ақпарат алмасуды ерекше атап өтті, себебі Қытай тарапынан берілген ашық ақпарат аз ғана уақыттың ішінде коронавирусқа қарсы вакцина дайындап шығуға мүмкіндік берген.
"Дүние жүзі тек коронавирус пандемиясы мәселесімен емес, инфодемияға тап болды, яғни белсенді ақпарат пен жалған ақпарат араласып кетті. Салдарынан түрлі қауесет пен проблема туындап, оны шешу қажет болдық", - дейді маман.