Шымкенттегі "Пандора" түнгі клубында атыс болып, келушілердің бірі алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты деп хабарлайды жергілікті TVK телеарнасы.
Тергеу барысында белгілі болғандай, көңіл көтеруге келген жастар тобы өзара ерегісіп, мәселені шешу үшін көшеге шыққан. Ерегіс барысында оқ атылып, 23 жастағы жас жігіттің басына тиіпті. Дәрігерлер жеткенше ол оқиға орнында жан тапсырған.
Қазіргі таңда полицейлер іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Суық қару қолданып, кісі өлтірді деген күдіктінің жасы небәрі 20-да. Ол өзге екі серігімен бірге ізін суытып үлгеріпті.
Тәртіп сақшылары түнгі клубтың басшылары мен қызметшілерін де тергеуге алған. Сондай-ақ, куәгерлер көрген-білгендерін айтып, түсініктеме беріп жатыр.