"Техника ғылымдарының докторымын" деп өзін таныстырған операторлық такси жүргізушісі, қазақша сөйлеген клиентіне дауыс көтеріп, жол бойы ұрсып келді. Әйелдің бар жазығы – "менімен қазақша сөйлесеңізші" деп өтінгені, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Мен өзім қалаған тілімде сөйлеймін. Менің кім екенімде, қандай тілде сөйлейтінімде шаруаларың болмасын! Сатқынмын ба, жоқ па, мені соттайтын сендер емес,— деп айғайға басты таксист.
Оның айтуынша, ол кеңес дәуірінде өскен. Ол кезде елде бір тілде ғана сөйлеседі екен. Балабақшадан бастап бәрі орысша оқыған. Таксист ұлты қазақ екенін айтты. Бірақ өзі қалаған тілде ғана сөйлескісі келеді екен.
Жолаушы: "Менімен қазақша сөйлесіңіз дедім..."
Такси жүргізушісі: "Қазақша сөйлегім келмейді. Мүлде сөйлескім келмейді. Түсінбесең тыныш отыр".
Жолаушы: "Қазақсыз ба?"
Такси жүргізушісі: "Мен сізге ерегесткенде сөйлеспеймін. Мен екі дипломым бар. Техника ғылымдарының докторымын. Сіз маған бұйырмақсыз ба? Алдымен деңгейіме жетіп алыңдар?"
Жолаушы: "Сіз мені де білмейсіз. Менің де екі бірдей жоғары білімім бар. Сіз мемлекеттік тілді білмейсіз. Сондықтан менен төмен тұрасыз, қалай десеңіз де. Қазақша біле тұра қазақша жауап бермейсіз? Мен қазақша қызмет алғым келеді."
Такси жүргізушісі: "Мен өзіме ыңғайлы тілде сөйлегім келеді. Болды."
Жолаушы: "Сіз ана тіліңізді сыйламайсыз ба?"
Такси жүргізушісі: "Оның қатысы не?"
Қызмет көрсетуші мен клиент арасындағы салғыласу әрмен қарай да осылай өрбиді. Бұл жерде ешқандай тіл мәселесі жоқ. Таксист тек қазақ тілінде қызмет көрсетуге арланатыны көрінді. Әйтпесе, "қос дипломы бар" таксисттің ара-арасында қазақшаға көшкен кезде, мемлекеттік тілді тәп-тәуір білетіні аңғарылады.