04.10.2021, 16:00

Мұхаммед Пайғамбардың карикатурасын салған суретші жол апатынан көз жұмды

Жұрттың ашуын тудырған бұл карикатурадан кейін Ларс Вилкске қарсы шабуыл артып, ол үнемі күзетпен жүрген.

Швециялық Ларс Вилкс пен оның күзетшілері мінген автомобиль жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жолаушылардың бәрі қаза тапқан, деп хабарлайды Stan.kz

Жол апаты жексенбі күні Маркарид қаласына жақын маңда болған. Полиция қастандықпен жасалған болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

2007 жылдың жазында Nerikes Allehanda басылымы Ларс Вилкс салған Мұхаммед Пайғамбардың карикатурасын жариялағаннан кейін оның аты БАҚ-қа кеңінен тарады. Жұрттың ашуын тудырған бұл карикатурадан кейін Ларс Вилкске қарсы шабуыл артып, ол үнемі күзетпен жүрген.