05.10.2021, 13:00

Ата-аналар 5-сынып оқулығында хадис жүргеніне наразы

Шенеуніктер болса балаларға діни мазмұндағы ақпаратты біртіндеп ұсына беру керек деп отыр.

Бесінші сынып оқушыларының ата-аналары орыс мектептеріне арналған “Қазақ тілі” оқулығынан хадис пен діни сөздерді байқап қалған, деп хабарлайды Stan.kz. 

"Көкжиек-Горизонт" баспасының оқу құралында қомағайлық туралы хадистен алынған дәйексөз келтіріледі, ал мәтіндердің бірінде "Бисмилла" деген сөз қолданылады. Ғылыми-тәжірибелік орталық бұған түсініктеме берді.

Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Елдос Нұрлановтың айтуынша, мектеп оқушыларына діни мазмұндағы ақпаратты ақырындап ұсына беру керек.

“Этимологиялық тұрғыдан бұл "мейірімді Алланың атымен" дегенді білдіреді. Сонымен бірге бұл қысқа форма бізге әлдебір істі бастағанда қажет. Яғни іс жүзінде бұл "Құдай қолдасын" дегенді білдіреді.  Бисмиллә –  бұл ана сияқты, әке сияқты”, – дейді шенеунік.

Философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаев кейбір имамдар хадистерді дұрыс түсінбейді дейді.

“Барлық хадистерді тек діни тұрғыдан қарастырмау қажет. Бұл хадис дұрыс тамақтану туралы. Оның дінге қатысы жоқ. Мүмкін оны бәрі біле бермейтін шығар, бірақ мамандар оны түсіндіре алады”, – дейді ол.