$ 448.15  483.46  4.86

Қостанайда саяжай күзетшісі ер адамды өлтіріп, оның денесін өзенге лақтырып жіберген

Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде полиция төрт күннің ішінде күдіктіні қолға түсірді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қостанайда саяжай кооперативінің күзетшісі кісі өлтіріп, мәйітін өзен жағасына жасырған. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Кісі қолынан қаза тапқан 45 жастағы қала тұрғыны анасымен бірге саяжай аумағын мекендеген көрінеді. 10 күн бұрын оны кооператив күзетшісі ертіп кетті дейді марқұмның анасы. Баласы  үйге оралмаған соң қазанның 1-і күні полицияға хабарлаған.

“Екінші ұлымнан айрылып қалдым. Кіші баламды  да тоғыз жыл бұрын екі жүз мың теңге үшін өлтіріп кетіп еді. Күзетші менің ұлымды жақсы танитын.Не үшін оны өлтіргенін білмеймін”, – дейді марқұмның анасы Людмила Кузовая.

Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде полиция төрт күннің ішінде күдіктіні қолға түсірді. Бұрын сотталмаған. 34 жастағы қала тұрғыны кісі өлтіргенін мойындап, оның денесін Тобыл өзенінің жағасына жасырғанын айтқан. Кооператив күзетшісінің неліктен ауыр қылмыс жасағаны тергеу барысында белгілі болмақ.

“Қолмен, аяқпен ұрған.Тепкілеген. Велосипедпен апарған. Оқиға болған жерден. Өзен жағасына апарып, сол жерге тығып қойған.Біз оны ұстағанда бәрін мойындап, бәрін айтып денесін қайда тыққанын көрсетті”, – дейді Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысының орынбасары Қайрат Дүйсембеков. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары