$ 494.87  520.65  4.91

«Анамның талабы»: Тәуекел Мүсілім жұбайына қандай шектеу қойғанын айтты

Тәуекел TikTok-қа көштен қалмау үшін тіркелген.

Тәуекел Мүсілім актерлік пен жүргізушілікті шетке ысырып, тиктокқа көшкен. Актер аз уақытта 30 мыңға жуық оқырман мен 300 мыңдай лайк жинап үлгерген. Тәуекелдің жары Махаббат та бұл желіде белсенді. Алайда енесі мен жарының қойған шектеулері оның бар болмысын ашуға кедергі келтіріп жүргендей. Жұбайына қойған талаптары жайлы Тәуекел НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Тәуекел TikTok-қа көштен қалмау үшін тіркелгенін айтады. 

"Заманның талабы десек те болады, көрейік деп бастап көрдік. Ол жерде де уақыт көп қажет екен. Әрдайым түсіріп тұру керек. Би билеп тұру керек. Бір жағынан пластикаға жақсы екен", - дейді актер.

Тиктокқа актердің жары Махаббат та тіркелген. Атақты жұбайынан қалыспай, би билеп, ас мәзірімен бөлісіп жүр. Бірақ Махаббат тиктокқа қалаған видеосын сала алмайды. Себебі оны қадағалап отырған бірнеше адам бар екен. Оның біріншісі – Тәуекелдің өзі.

"Өзінің шектеуі бар, әрине. Осыдан аспасын деген сияқты шектеу қойдым. Менің анамның талабы бар. Өте қатты шыға берудің, көрсете берудің қажеті жоқ. Орыстар айтады ғой: "Счастье любит тишину". Сол себептен білу керек жақтарын көрсетеміз. Ал білу керек емес жақтарын көрсетпейміз", - дейді актер.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары