$ 444.22  476.38  4.82

Ақтөбелік емші келесі Президенттің кім болатынын айтты

Сынықшы көп нәрсені түсінде көретінін, болашақта ел тізігінін әйел адамның ұстайтынын айтады.

Ақтөбелік сынықшы Бағдагүл Лепесованың түсіне аталары еніп, аян береді. Емші болашақта елді әйел адамның басқаратынын айтады, деп хабарлайды Экпресс Қазақстан басылымы.

Бағдагүл Лепесованың әлеуметтік желіде ем жүргізетін тобы бар. Telegram арнасына 26 393 адам тіркелген. Дертіне шипа іздегендер емшіге келмей-ақ осы топқа сурет жіберіп, онлайн ем алады. Ал инстаграм парақшасында емші тікелей эфир арқылы бата береді.

Батаға 10 мыңнан аса адам қатысады. Сынықшыға қаралатындардың саны соңғы кезде тіпті көбейіпті. Еліміздің әр түкпірінен шақыртулар жиі түседі. Танымал адамдар мен шенеуніктерге дейін ем алады екен. Сынықшы көп нәрсені түсінде көретінін, болашақта ел тізігінін әйел адамның ұстайтынын айтады.

- Елбасын әруақ барыс болып күзетіп жатыр. Барыстың көзі жасыл болады, бірақ неге екенін білмеймін оның көзі қызыл болып көрінді маған. Бір күні түсімде Елбасын көрдім. Үлкен клубтың қақ ортасында тұрып жиын өткізіп жатыр. Адам көп. Қою түтін. Қазан-қазан ас асылып жатыр. Мен бұрышта елеусіз тұрмын. Бір кезде "Қазақстанның тұңғыш президенті келіп жатыр” деп айқайлады. Халық жол берді. Елбасы менің қолымнан жетектеп сахнаға қарай алып кетті. Қолымнан ұстаған кезде жан-жақтың бәрі жарық болды. Айналамдағыларды танымаймын. Ақтөбедегі танымал адамдардың қасынан өтіп бара жатырмын. Солардан биік боламын ба деп ойлап қоямын. Елбасы сахнаға алып келіп “сенің орның осы жер, күт” деді. Ол кезде мені ешкім танымайтын, — дейді сынықшы.

Бағдагүл бұл түсті жақсылыққа жорыпты. Осыдан кейін есімі елге таныла бастаған. Көптеген адамдар сынықшыны түсінде көргенін, ақ тақтың үстінде отырғанын айтады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары