$ 496  588.01  6.42

Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

шаңды дауыл болып, тұман түседі.

Қазгидромет Қарағанды, Түркістан және Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Түнде және таңертең 8 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында және оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0