$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстанда iPhone 13 ресми сатылымға шығатын күн белгілі болды

Сатылым 15 қазанда басталады.

14 қыркүйекте Apple компаниясы iPhone 13 бес жаңа түсті революциялық смартфонын ұсынды, ол екі камераның ең озық жүйесімен, әсіресе берік дисплеймен, қуатты чиппен жабдықталған және батареясының қызмет ету мерзімі ұзақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгіннен бастап жаңа тауарларға алдын ала тапсырыс беруге болады, ал сатылым 15 қазанда басталады. Алғашқы сатып алушылар өздері үшін қолайлы бөліп төлеу және сауда қызметін пайдалану, яғни ескі құрылғыны жаңасына айырбастау шарттарын пайдала алады.

Тек 15 күнде, 15-17 қазан аралығында iPhone 12-ге айырбастап, қалғанын бөліп төлеп, айына 11 250 теңгеге жаңа iPhone 13 сатып алуға болады. Бірақ асығу керек, өйткені тауар саны шектеулі.

Мұндай шарттарды iPoint, Technodom, Sulpak, Mechta, Evrika, Fora секілді тек ресми сатушылар ғана ұсынатынын атап өту керек.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#айфон