$ 494.87  520.65  4.91

«Жастар не үлгі алады?!»: Журналист «Хабар» телеарнасын сынап тастады

Желі қолданушылары оның сөзін қостап, өз ойын жазып жатыр.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай "Хабар" телеарнасының ашық кадрларына қатысты сын айтып, кейбір фильмнің көрерменге берер тәлімі жоқ деп деп сөгіп тастады деп жазады Paryz.kz. 

Мемлекеттік арнаның бет-бейнесі осы ма? Мынаны көрген жастар не үлгі алады? Әлде "Хабар" арнасына барлығы жараса ма? Қазынаның қаражатымен күндерін көріп отырған мемлекеттік арналар бетімен кеткен бе? "Әй дейтін әже, қой дейтін қожа" табылмағаны ма? – деп жазды Жылқышыбай.

Желі қолданушылары оның сөзін қостап, өз ойын жазып жатыр. 

"Сіздің аңдығаныңыз тек осындай болды-ау, бұндайларды неге шығара бересіз? Бұдан басқа да өзекті мәселе жетіп жатыр емес пе?”, “Жылқышыбай дұрыс айттыңыз. Бала-шағамен көре алмаған соң, басқа арнаға ауыстырып, көрмеңдер дедім. Ұялдық”, “Әлі талай қызық көрерсіздер, жайлап бой үйретіп келе жатыр”, “Түпкі сананы улаудың бір түрі”, “Әркім өз ойынан хабар деген”, “Өзбектер қанша мықты заманға сай кино шығарса да осылай түспейді ғой, қаншама мықты актёр актрисалар бар соларда да бірақ тәрбие әдет-ғұрыптан аспайды”, – деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары