08.10.2021, 13:00

Алматылық сот орындаушылары үйден шығару және бұзу істеріне қатыстырмауды сұрады

Фото: ашық дереккөзі
Мұндай ниет Ақбұлақтағы қайғылы оқиғадан кейін пайда болған.

Алматы қалалық жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы бұдан былай адамдарды үйлерінен шығару және үйлерді бұзу жағдайларына қатысқысы келмейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, мұндай ниет Ақбұлақтағы қайғылы оқиғадан кейін пайда болған.

"Қазір заңнамаға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Біз бұзу мен көшіру сияқты істер санатын мемлекеттік сот орындаушыларына бергіміз келеді. Біз ұсыныстарды орталық аппаратқа жібердік", - деді Алматы жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Руслан Исаев.

Тілшілердің мәліметінше, қазіргі уақытта жеке сот орындаушыларында Алматыда үйден шығару туралы 215 өтініш бар. Жылыту маусымы басталуына байланысты орындау тоқтатылған. Одан бөлек, жеке сот орындаушылары көктемге қарай бұл санат енді ЖСО міндетіне кірмейді деп үміттенеді. 

Тегтер: Алматы сот