Маңғыстау облысының тұрғыны мемлекеттік бюджеттен 228 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz.
"Комфорт Строй Ақтау" ЖШС мен "Ақтау тұрғын үй" ЖШС 2018-2020 жылдар аралығына келісімшартқа отырған. Ол бойынша, компания Ақтаудағы 23 үйге тұрғын-үй-эксплуатациялық қызмет көрсетуі, есеп жүргізуі қажет еді.
Ай сайын кері қайтарылатын қаржы мен тұрғындардан келетін тұрғын үй көмегін қадағалау да осы мекемеге жүктелген.
"Комфорт Строй Ақтау" ЖШС директоры Коренева 228 миллион теңге көлемінде ақшаны қалтаға басқан. Ол соттың үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.