Кейбір қазақстандық мектептерде оқу орындарының әкімшілігі қыздарға шалбар киюге тыйым салды. Бұл тыйым балаларға да, олардың ата-аналарына да ұнамады. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Алматы, Қарағанды және Атырау облыстарындағы түрлі мектептерден бірден бірнеше шағым түсті. Ата-аналардың айтуынша, қыздар мектепке тек юбка киюге мәжбүр.
Білім және ғылым министрлігі биылғы жылы оқушыларға орта білім беру ұйымдарына мектеп формасында немесе классикалық стильдегі киімде келуге рұқсат етілгенін хабарлады. Классикалық стиль матаны, түс пен пішінді таңдауда қатаңдықпен, ұстамдылықпен және консерватизммен сипатталады. Қазіргі мектептер «жоғарғы жағы ақ», «төменгі жағы қара» нұсқасын таңдайды.
Алайда, БҒМ мектеп оқушылары мектепке юбка немесе шалбар кию керек деген талап жоқ екенін атап өтті.
– Даулы мәселелер туындаған жағдайда шешім мектептің қоғамдық кеңесінің келісімі бойынша қабылдануы мүмкін, – деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.