08.10.2021, 16:00

Демалыс күндері ауа температурасы жоғарылайды

Қазақстандағы алдағы күндері суық болып, содан кейін қайтадан күн жылынады.

Солтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Stan.kz.

"Ауа-райының өзгеруі күшті антициклонмен байланысты. Ресейдің еуропалық бөлігін жапқан антициклон жауын-шашынның тоқтауына, еліміздің батыс және солтүстік-батыс бөлігінде ауа-райының жылынуына  себепші болады", - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Батыста және солтүстік-батыста күндізгі уақытта ауа температурасы +15..+20 градусқа дейін көтеріледі. 

“Қалған аймақтарда салқын ауа температурасы сақталады. Оңтүстік аудандарда жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте түнгі уақытта тұман күтіледі. Орталықта, шығыста және солтүстікте температура 0-7 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстігінде 3-8 градус, таулы аймақтарда +3 градус болады. Күндіз ауа температурасы 10-15 градусқа дейін көтеріледі”, – делінген ауа райы болжамында.  

Тегтер: ауа райы