Қостанай облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде облыстағы мектеп оқушылары мен студенттер арасында КВИ шалдығу мәселесі қозғалды деп хабарлайды Paryz.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Биыл 1 қыркүйектен бастап 8 қазанға дейін білім мекемелерінде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны мынадай: 572 оқушы, офлайн режимінде білім алып жүрген 350 оқушы, ЖОО мен колледжде оқып жүрген 98 студент. Ауруға шалдыққан 222 оқушы немесе 38,8% оқу жылы басталмай тұрып инфекция жұқтырған, - деп хабарлады департаменттен.
135 мектепте КВИ шалдығу оқиғалары тіркелді, ауру жұқтыру көрсеткіші 27,4% құрады. 297 сынып карантинге жабылды. Қазіргі кезде 147 сынып карантинде. КВИ жұқтырған оқушылардың ең көп бөлігі Қостанайда анықталған, сондай-ақ Рудный, Лисаков, Жітіқара, Б.Майлин атындағы аудан, Әулиекөл, Алтынсарин, Денисов, Меңдіқара, Қарабалық аудандарында да тіркелуде.
Студенттерге келетін болсақ, қыркүйектен бастап ЖОО, арнайы орта білім орындарында вирус жұқтырудың 98 оқиғасы тіркеліп, 69 топ карантинге жабылды.