Талдықорған қаласында орналасқан Алматы облысының Полиция департаменті ғимаратының сол жағының бірінші қабаты отқа оранды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі қылмыстық істер мен қызметтік құжаттардың отқа оранбағанын, қаз-қалпында сақтаулы екенін мәлімдеді.
«8-қазан күні сағат 19:40 Алматы облысының Полиция департаменті ғимаратының сол жағының бірінші қабаты отқа оранды. Бұл жерде департаменттің техникалық қызметі орналасқан. Сағат 20:05 те қызыл жалын ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Алдын-ала болжам бойынша өрт электр сымдарының тұйықталуы салдарынан болуы мүмкін. Мекемедегі барлық құжаттар сақтаулы»,- делінген ведомствоның хабарламасында.