09.10.2021, 13:32

Алматы облысында 8 жасар баланы жүк көлігі қағып кетті

Фото: ашық дереккөз
Бала иттен қорқып, жолға жүгіріп шыққан.

Алматы облыстық полиция департаменті жол апатының 8 қазан 13:20-да Есік қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Isuzu» жүк көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Малькеев көшесінің бойымен келе жатып, бүлдіршінді қағып кеткен. Тротуармен келе жатқан 8 жасар бала иттен қорқып қашып, жолға жүгіріп шыққан. Бала алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. ҚР ҚК 345-бабы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі сараптама тағайындалды», - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.