$ 443.85  474.3  4.8

Роналду бір матчта үш рекорд орнатты

Енді оның активінде 181 матчтан 112 гол бар.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду халықаралық матчтарда гол салу саны бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Nur.kz.

Форвард 3:0 есебімен португалдықтар жеңген Катар командасына қарсы жолдастық матчта ерекше көзге түсті. Бұл құрама футболшының гол салған 46-шы құрамасы. 

Сондай-ақ, шабуылшы құрамадағы гол саны бойынша өзінің әлемдік рекордын жаңартты. Енді оның активінде 181 матчтан 112 гол бар. 

Роналду Португалия құрамасы құрамында 2016 жылы Еуропа чемпионы болды, Еуро-2004-те күміс және 2012 жылы құрлықтық біріншілікте қола алды. Сондай-ақ, 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасында жеңімпаз атанды. 

Айта кетсек, Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» футбол клубында 2003-2009 жылдары өнер көрсетті. Сол жылдар аралығында ол 292 матч өткізіп, 118 гол соқты. Роналду мүше болған сәтте МЮ құрамасы 3 рет (2007, 2008, 2009) Англия чемпионатында жеңіске жетті. Одан бөлек, 2008 аталған клуб Лигалық чемпионаттың жеңімпазы атанды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары