Жаңалықтар 11.10.2021 сағат 10:00

Қарағандыда аттракционда арқанмен секірген 33 жастағы әйел көз жұмды (ВИДЕО)

Ол өте ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізілді.
Қарағандыда аттракционда арқанмен секірген 33 жастағы әйел көз жұмды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағандыда 25 метр биіктіктен "тарзанкадан" секірген әйел көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі ekaraganda.kz парақшасында жарияланды.

Қайғылы жағдай "Созвездие" қонақ үйінің аумағында болған. Аттракцион мейманхананың шатырында орнатылған. 33 жастағы әйел 25 метр биіктіктен секіріп, жердегі бетон конструкцияға соғылған. Ол өте ауыр жағдайда шұғыл ауруханаға жеткізілді.

"Науқасқа тез арада операция керек болды. Әйелдің басындағы гематомаларды жою үшін бас сүйегіне ота жасалды. Жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, науқас қайтыс болды", - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар