$ 495.2  522.34  4.94

Балалары жетім қалды: Қарағандыда болған қайғылы жағдайға байланысты жаңа деректер анықталды

Екі баласынан бөлек, туысының жетім қалған баласын да асырап алған.

Қарағандыда болған қайғылы жағдайдың анық-қанығы белгілі болды. Қаза тапқан әйел тұрмыста болған. Артында екі баласы қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Биіктіктен құлап, қаза тапқан әйел 33 жаста болатын. Шахтинск қаласының тумасы еді. Есімі – Евгения. Биіктіктен секіруі бірінші рет емес. Шатырдан, биік жерден секіруді хоббиі санаған. Әйел Сарань қаласы маңындағы бос қалған көпқабатты үйлерге осы үшін арнайы баратын", - делінген хабарламада. 

Қаза тапқан әйел тұрмыста болған және артында екі баласы қалды. Оған қоса бұл отбасы анасы қайтыс болған туысын да тәрбиелеп отырған. 

"Евгения еш ойланбастан, баланы өз тәрбиесіне алған", - деп жазады басылым. 

Оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің 306 бабы 1-бөлімі бойынша тергеу басталғанын хабарлаған едік.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары