$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентте аяғы ауыр әйел сауда орталығында босанып қалды

Дәрігерлердің айтуынша, дені сау, салмағы  – 3200 грамм, бойы – 54 см қыз бала дүниеге келген.

27 жастағы аяғы ауыр келіншек сауда ойын-сауық орталығына келіп, босанып қалды. Оған орталық қызметкерлері көмек көрсеткен.

Қазір нәресте мен анасының жағдайы жақсы, дейді дәрігерлер, деп хабарлады Orda.kz  өңірдің Otyrar.kz. сайтына сілтеме жасап.

27 жастағы жүкті келіншек 8 қазан күні  Shymkent Plaza сауда ойын-сауық орталығында жүріп, өзін нашар сезінген.

Әуелі не істерлерін білмей сасып қалған сауда ойын-сауық орталығы қызметкерлері тез естерін жиып,  сабырлық танытып, әйелді босандырып алу үшін киім ілетін жерде қажетті жағдай жасаған. Осылайша көпшіліктің көмегімен келіншек дүниеге қыз бала әкелді.

Көп ұзамай сауда орталығына жедел жәрдем мен дәрігерлер жеткен. Нәресте мен анасы №2 облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Дәрігерлер ана мен сәбидің жағдайын тексерген.

Дәрігерлердің айтуынша, дені сау, салмағы  – 3200 грамм, бойы – 54 см қыз бала дүниеге келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары