$ 494.87  520.65  4.91

Елордада шағын қаржы ұйымын тонамақ болған күдікті «QR-code» арқылы ұсталып қалды

Медициналық маска киген 34 жастағы азамат қаладағы шағын қаржы ұйымдарының біріне тұтынушы ретінде келген.

Елордада шағын қаржы ұйымын тонамақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күндіз медициналық маска киген 34 жастағы азамат қаладағы шағын қаржы ұйымдарының біріне тұтынушы ретінде келген. Кабинетте тек қана кассир қыздың отырғанын көрген ол оны қылқындырып, ақша талап еткен. Алайда, кассир дер уақытында дабыл түймесін басып, қаскүнем бой тасалауға мәжбүр болған.

«Жедел іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жүрген жолын анықтады. Ер адам қылмыс жасағаннан кейін аялдамаға барып, қоғамдық автобусқа отырған. Қоғамдық көлікте ол төлемді QR-code» арқылы жасаған. Соның арқасында оның аты-жөні анықталып отыр. Қаскүнем бет-жүзін маскамен және күлапарамен тұмшалағанымен полицейлер оның тұрғылықты жерін анықтап қолға түсірді», - деп атап өтеді ведомстводан. 

Департамент мәліметінше, қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің елордада аумағында жасалған дәл осындай өзге де қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары