$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев Назарбаевты данагөйлер кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды

Бұл бастаманы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Нұр-Сұлтанда өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Даналар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл бастаманы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Нұр-Сұлтанда өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтты.

"Бүгін Даналар кеңесі туралы ережені қабылдауымыз керек. Мүше мемлекеттер консультативті-кеңесші орган құруды қолдады және мүшелікке кандидаттарды ұсына бастады. Бүгін Даналар кеңесі туралы ережені бекітеміз. Таңертең кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты АӨСШК жетекшілігіне кандидат ретінде ұсынды. Бәріңіз бұл кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін", - деді Рахметуллин.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес - Азия құрлығы мемлекеттерін біріктіретін халықаралық форум, негізгі міндеті - тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту. Кездесуді шақыру идеясын алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары