12.10.2021, 15:40

Сабина Алтынбекованы жолдасы перзентханадан салтанатпен шығарып алды

Фото: stan.kz
Жас ата-ананың қуаныш бөлісуге достары келген.

Жақында ғана ұлды болған Сабина Алтынбекова перзентханадан шықты. Жас әке мен оның достары шағын мереке ұйымдастырып, жас ананы салтанатпен күтіп алды.

Мерекелік сәттің видеосы желіде тарады. Жас әкенің достары Сабинаға кезекпен гүл шоқтарын ұсынып, мерекенің көркін ашты. Бірдей көлікпен қатар жүріп, көңіл көтерді. Ақ тілегін айтып, бауы берік болсын десіп жатыр. 

Спортшы қыз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Саят Салманұлы ұлы мен жарын салтанатпен үйіне жеткізді. 

Желі қолданушылары ақ тілегін жаудырып, жұғысты болсын десті.

“Үлкен азамат болсын, басқаларға жұғысты болсын”, “Қазақтың мықты спортшысы болсын”, “Мүмкин мықты волейболшы болар, бауы берік болсын”, “Осылар бір босанбағандай қалай шығады екен, басқаларымыз болса сүйек-сүйегімізді әзер жинап аламыз”, “Қазір жастар күшті, тура бір салоннан шыққандай шашты жіберіп қойып”, “Қырқынан шыққанша ана сәби сияқты сүйектері, буындары босап шығады. Кез келген ауруды тез қабылдайды, шашқа шайтан үйір болады”, – деп жазды олар.