Жаңалықтар 12.10.2021 сағат 21:59

Тоқаев Қатар Әмірін құттықтады

Сайлаудың табысты өтуіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Тоқаев Қатар Әмірін құттықтады
Фото: akorda.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге Қатар Мемлекеті Консультативтік кеңесінің мүшелерін сайлаудың табысты өтуіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Страхование квартир BI в подарок
Реклама bi.group
Скрыть рекламу:
Ел тарихында алғаш рет ұйымдастырылған бұл саяси демократиялық шара Қатардың еркін азаматтық қоғам мен зайырлы мемлекет қалыптастыру жолындағы жетістіктерінің айқын көрінісі. Бұл тұрғыдан, еліңіздегі адам құқықтарын қорғау мен бостандықты ілгерілетуге қатысты Сіздің бастамаларыңыздың болашақта да жемісті жүзеге аса беруіне тілектеспін. Осы ретте, Шығанақ өңіріндегі Қазақстанның басты серіктестерінің бірі Қатармен тығыз байланыстарымыздың жылдан жылға ауқымы ұлғайып, ықпалдастығымыздың өрісі кеңейіп келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміз әлеуеті жоғары қарым-қатынастарымызды халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамыта түсетініне кәміл сенімдімін, – деп Ақорда жеделхат мәтінін ұсынады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар