$ 498.34  519.72  4.85

Жаңбыр, қар, жел, тұман – 13 қазанға арналған ауа райы болжамы

Түркістан облысының таулы аудандарында жел тұрады - 15-20, екпіні 23 м/с.

Қазгидромет 13 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәрсенбіде антициклон республиканың басым бөлігіне әсерін сақтайды, сондықтан көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік пен шығыста қар жаууы ықтимал. Ал еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, оңтүстігінде және батысында шаңды дауыл, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с. Маңғыстау облысының батысында, орталығында күндіз шаңды дауыл көтеріледі, желдің жылдамдығы 23 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында жел тұрады - 15-20, екпіні 23 м/с.

Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, күндіз Атырау облысының батысы мен орталығында жел 17-22 м/с, Атырау облысында шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман түсуі ықтимал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы