13.10.2021, 16:00

Ақмола тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді

Фото: ашық дереккөзі
Ер адам өзінің өліміне біреуді кінәлап қолхат қалдырмаған.

Жантүршігерлік оқиға Аршалы ауылында болған. 49 жастағы ер адамның мәйітін көршілері тауып алды. Полицияның мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам өзінің өліміне біреуді кінәлап қолхат қалдырмаған.

Марқұм әкесімен бір үйде тұрған. Қазір әкесі Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатқанын анықтадық. Полиция "өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды, —деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.