$ 446.49  475.38  4.79

Қыздар университетінің жерін заңсыз сатқан шенділер ұсталды

Бүгінгі таңда барлық күдіктілерге соттың санкциясымен бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы қызметкерін, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің және Қарасай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшыларын 2018 жылы орын алған Кемертоған кентінде орналасқан ауданы 9,0 га жер телімі түріндегі университеттің мүлкін ұрлады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Университеттің жер телімі бірнеше телімге заңсыз бөлінген және жалған құжаттармен ұсталған тұлғаларға үлестес болып рәсімделіп, кейін адал сатып алушыларға сатылған.

Аталған тұлғалар қылмыс іздерін жасыру және жер телімін университет балансына жалған қайтару мақсатында 2021 жылдың қаңтарында құқық белгілейтін құжаттарсыз мемлекеттің жер қорынан Көлді кентінде санитарлық аймақта орналасқан, жеке меншікке беруге жатпайтын жер телімін заңсыз бөлген.

Бүгінгі таңда барлық күдіктілерге соттың санкциясымен бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Тергеу жалғасуда, жасалған қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары