$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда есі ауысқан жасөспірім анасын пышақтап өлтірді

15 жасар жасөспірім үйінде микротолқынды пеште қағаз өртеген.

Кәмелеттік жасқа толмаған алматылық анасын пышақтап өлтірді. Оның психикалық ауытқуы бар екені анықталды. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есі дұрыс емес жағдайда кісі өлтіргені үшін кәмелетке толмағандарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық істі қарады.

8 қаңтарда есі ауысқан 15 жасар жасөспірім үйінде микротолқынды пеште қағаз өртеген. Оны байқап қалған анасы баласына ұрысқан. Артынша өртті сөндірген. Баласына анасының ұрысқаны ұнамай, ол ас үйдегі пышақты алып, мойын мен кеуде тұсына бірнеше рет соққы жасаған. Салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы жасөспірімнің психикалық ауытқуы (параноидты шизофрения) бар екенін анықтады. Ол кісі өлтіру кезінде өзінің іс-әрекетіне жауап бере алмаған.

Бұл адамның есі дұрыс емес. Оған қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін, – делінген қорытындыда.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары