14.10.2021, 13:00

Еңбек министрлігі елдегі орташа зейнетақы көлемін атады

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 99 887 теңгені құрады.

Жыл басынан бері қазақстандықтар 2 триллион теңгеден астам зейнетақы алған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

2021 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 614,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 390, 1 млрд теңге бағытталды.

2021 жылдың қыркүйек айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 67,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 153,3 млрд теңге бөлінді.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 229 мың адамды құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 99 887 теңгені құрады.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі – МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.