14.10.2021, 15:00

Азамат Мұсағалиев ана тілінде ән салып, жұртты тәнті етті

Әуен "Сен" деп аталады

Ресейлік танымал комик, КВН ойыншысы Азамат Мұсағалиев Instagram желісінде қазақ тілінде ән айтқан видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуен "Сен" деп аталады. Азамат Мұсағалиев әннен өзге сөз айтпады. Пікір жазған қолданушылардың кейбірі тіпті ән сөзін түсінбесе де әсерленгенін айтып жатыр.

Еске салайық, Азамат Мұсағалиев бұған дейін де қазақ тілінде ән айтып, видео жариялаған еді. "Бұл, әрине, "Дос-Мұқасан емес", бірақ Ерке Есмахан да емес. Бұл мен - Азамат", - деп пікір жазған еді ол биылғы шілдедегі жазбасында.

Азамат Мұсағалиев - Ресейде туып-өскен қазақ, актер, әзілкеш, тележүргізуші. "Сборная Камызякского края" КВН командасының капитаны, "Однажды в России" шоуының қатысушысы, ТНТ арнасындағы "Где логика?" шоуының жүргізушісі.