$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес шығарды

Полиция барлық бейнебақылау камералары зерттелетінін, қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Куәгерлер Ақтаудағы жасөспірімдердің жаппай төбелесін видеоға түсірді. Оқиға туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 және 28 шағынаудандар арасында болған төбелес туралы хабарлама 13 қазанда сағат 23.38-де түскен.

"Маңғыстау облыстық ауруханасына ешкім дене жарақатымен келген жоқ. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қалалық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Полиция барлық бейнебақылау камералары зерттелетінін, қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары