$ 494.87  520.65  4.91

Ауа райы болжамы: Бірқатар аймақты тұман басады

«Қазгидромет» болжамынша, Қазақстан аумағындағы ауқымды антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз
«Қазгидромет» болжамынша, Қазақстан аумағындағы ауқымды антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Еліміздің солтүстігі, батысы, оңтүстік-шығысы мен шығысында тұман болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Алматы облысында Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 20-25 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Атырау облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде және Солтүстік Қазақстан облысының шығысында тұман болады. Түнде Павлодар облысында да тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнгі және таңғы уақыттарда тұман болмақ», - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары