$ 494.87  520.65  4.91

Жел, тұман, жаңбыр: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Синоптиктер 16 қазан күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауқымды антициклон республиканың басым бөлігіне әсерін тигізеді. Сондықтан жауын-шашын жаумайды.

Дегенмен еліміздің батыс және солтүстік-батысында циклонға байланысты жаңбыр жауады.

Қазақстанның солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел күшейеді, екпіні 22-27, кей кезде 30 м/с асады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік және оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батыс және солтүстігінде тұман болады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы