Әлеуметтік желіде есек арбаны тоқтатқан тәртіп сақшыларының әрекеті қызу талқыланып жатыр. Қызықты жағдай Тараз қаласында болған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Қос есек жегілген арбаны тоқтатқан инспектордың видеосы Instagram-дағы kris.p.taraz парақшасында жарияланды. Онда тәртіп сақшысы есек арба жүргізушісінен құжатқа ұқсас затты алып, көлігіне отырады. Кадр сыртындағы дауыс "Қазақстанда есекпен де жүре алмайсың" — деп пікір қалдырған.
Ал желі қолданушылары "Жылдамдық асырған шығар", "Есектің техникалық құжаты дұрыс емес", "Масқара" — деп түрлі жазбалар қалдырып жатыр.
Тараз қаласы ПД баспасөз хатшысы Бегман Құтмырзаевтың айтуынша, есек арба тізгіндеген адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.
ҚР ӘҚБтК -нің 408-бабы (ауылшаруашылық жануарларын жаю ережесін бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Сондай ақ қоғамдық орындарда ол елдің мазасын алған. Алып сатарлықпен айналысқан
— дейді Бегман Құтмырзаев.