16.10.2021, 20:20

Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөз
17 қазанда түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қазгидромет 17 қазанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түнде және таңертең 17 қазанда Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, оның жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

17 қазанда түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, 18 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.

Күндіз 17 қазанда тәулік бойы 18-19 қазанда Жамбыл облысының солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.