$ 494.87  520.65  4.91

Білім беру мекемесі сатып алмақшы болған бір дәптердің құны 95 мың теңге

Ал дәптердің нарықтағы бағасы 60 теңге.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысындағы мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мамандары осындай фактілерді анықтаған.

95 мың теңгеге бір дәптер сатып алмақ болған білім беру мекемесі туралы  брифинг барысында  айтылды, деп жазады Orda.kz.

Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аймақта бағаны төмендету арқылы берілген ұсыныстардан кейін 1 миллиардтан астам бюджеттік қаржыны үнемдеуге мүмкіндік туғандығын жеткізді. Мәселен, аудандардың біріндегі білім беру мекемесі 14 млн 250 мың теңгеге қалың дәптер сатып алуды жоспарлаған. Яғни, бір дәптердің құны 95 мың теңге болып отыр.  Ал дәптердің нарықтағы бағасы 60 теңге.

— Департаменттің дер кезінде араласуының арқасында сатып алу жүзеге аспады және бюджет қаражаты үнемделді, – деді өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Білім беру мекемесі болса, дәптер бағасының қымбаттығын мемлекеттік сатып алу порталында ақпаратты толтыру кезінде жіберілген қатемен байланыстырды. Еске сала кетсек, осыған ұқсас жағдай Қызылорда облысында да болған еді. Жаңақорған кенті әкімінің аппараты да бағасы 1,5 млн теңге тұратын дәптер сатып алуды жоспарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары