18.10.2021, 12:20

Алтынай Жорабаева: Сізде шаруасы бар адамның миында «тарақаны» көп

Фото: ашық дереккөз
Өткенді қайтара алмайсыз дейді әнші.

Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева оқырмандарына барынша ашылып, өткен өмірі жайлы сөз қозғады. Көпбалалы ана көпшілікке өткенді ойламай, бүгінгі күнмен өмір сүруге кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялап, өткенге өкінбеу керек екенін жеткізді. Өнер иесі өмірінде орын алған қиындықтары туралы сыр шертіп, оларды қалай еңсергенін айтып берді. 

"Адамдардың 85%-ы қайтыс болар алдында "Армандаған өмірімді сүре алмадым" деп өкінеді екен. "Неге біреудің ойымен өмір сүрдім?!" Яғни, анау не ойлайды? Мынау не айтады? Кімде кімнің не шаруасы бар?! Ал сенде "шаруасы бар" адамның миында тарақаны көп. Өмірінде проблемалар көп. Өзінің өміріндегі проблеманы басқа біреуден іздеп, тауып, соны талқылайды. "Көрдіңіздер ме? Мен ғана емеспін" дегендей. Себебі, оның ниеті сондай. Ал сол адамның ойы сізге маңызды ма? Ал жетістікке жетіп, өмірі әдемі болып жүрген адам біреуді әңгіме қылмайды", - деді әнші. 

Эстрада жұлдызы өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оқырмандарын өткенді қайтаруға тырыспауға шақырды. 

"Адамдардың 70%-ы бала-шағама дұрыс көңіл бөле алмадым деп өкінеді екен. Өткен өміріңіздегі барлық жағдайға "Аллаға шүкір, қайыры, Алла бізден жақсы біледі" деңіз де, "Аллаға мың алғыс" деп, бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Бәрібір өткенді қайтара алмайсыз. Әрекет сізден, берекет Алладан. Өмір тамаша", - деп жазды Жорабаева.