18.10.2021, 12:40

Меруерт Түсіпбаева: Жолдасымды жұмыстан күтіп отырғым келеді

Әнші әлеуметтік желіде өзінің арманы туралы айтқан.

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желіде өзінің аңсаған арманымен бөлісті. Өнер иесі тыныш әрі жайлы отбасында өмір сүргісі келетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында оқырмандарына өз армандары туралы айтты. Жалғызбасты ана толыққанды отбасы құрғысы келетін көрінеді. Ол жолдасын жұмыстан кейін күтіп, үй шаруасында болуды армандайды екен. 

"Тыныш отбасылы өмірді армандаймын. Жолдасымды жұмыстан кейін күтіп отырғым келеді. Үй шаруасындағы әйел болғым келеді", - деп жазған эстрада жұлдызы. 

Сонымен қатар, өнер иесі тағы бір жазба қалдырып, елді ойландырып қойды. 

"Адам екі жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Көзі ашылса немесе жүрегін жапса", - деп жазды ол.