$ 443.35  475.54  4.82

Мектеп түлегі «Алтын белгі» медалін 2 млн теңгеге сатқалы жатыр

Хабарландыру берген адам медаль эксклюзив болғандықтан, оны қымбатқа сатып жатқанын айтқан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Онлайн хабарландыру платформаларының бірінде мектеп түлегі «Алтын белгі» медалін 2 000 000 теңгеге сатқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы өңірлік «Наша газета» басылымы хабарлайды.

Хабарландыру сайтта жарияланды, онда Қостанай қаласы белгіленген.

«2 миллионға сатамын, жаңа. Білесіз бе, бұл эксклюзив медаль, қазір мұндайлар көп емес! Егер сатып алсаңыз, 1,5 миллионға беремін», - деп жауап берді хабарландыру авторы телефон арқылы әңгімелесу кезінде.

Оның айтуынша, ол мектепті биыл бітірген. Медаль иесі өзін таныстырудан бас тартты. Естелік затты не себепті сатқалы жатқанын да түсіндірмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары