$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайлық әйел миллион теңгесін автобуста ұмытып кеткен

Абырой болғанда, патрульдік полиция өкілдері жоғалған қомақты қаражатты иесіне қайтарып берді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қостанай тұрғыны автобуста миллион теңге салынған сөмкесін ұмытып кеткен. Абырой болғанда, патрульдік полиция өкілдері жоғалған қомақты қаражатты иесіне қайтарып берді деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алтын ауылының тұрғыны автобуста миллион теңге салынған сөмкесін ұмытып кеткен. 16 қазан күні Қостанайдағы Қайырбеков және Курганская көшелерінің қиылысында "КамАЗ" көлігінің жүргізушісі автопатрульде кезекшілікте отырған Бағдат Ахметов пен Медет Қойшығұловқа жүгінеді.

Ол әйелі автобуста ақша салынған сөмкесін қалдырып кеткенін айтып, хабарласқанын жеткізді. Қолында сөмкесінің жоқтығын әйел тек үйге келгенде бір-ақ білген. Автопатруль өкілдері көмек сұраған азаматтан автобус бағытының нөмірін нақтылап, бірнеше минуттың ішінде атвобусты анықтаған. Автобус жүргізушісі сөмкені иесіне тапсырды.

Патруль қызметкерлерінің жедел іс-әрекетіне риза болған әйелдің жолдасы оларға алғысын білдірген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары