Алматыда «Жасыл қала» науқаны басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
«Жасыл қала» науқаны аясында көпқабатты үйлердің ауласы мен қоғамдық кеңістіктіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, тірек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады. Науқан қатысушылары отырғызылған талдарды алдағы екі жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоятындығын ескерген жөн.
Алматы қаласы жасыл экономика басқармасында «Жасыл қала» науқанына қатысу шарттары түсіндірілді.
«Науқанға қатысу үшін zeleniy_dvor_almaty@mail.ru электронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:
1. Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, тал отырғызылатын орынның нақты мекен-жайы;
2. Тал отырғызылатын орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);
3. Сұралып отырған көшет түрі мен саны.
Өтініштер 18-31 қазан аралығында қабылданады. Көшеттер келесі мекен-жайларда таратылады:
- Алатау ауданы әкімінің аппараты, Жанқожа батыр көшесі, 26;
- Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Абылай хан даңғылы, 74а;
- Әуезов ауданы әкімінің аппараты, Алтынсарин даңғылы, 27а;
- Бостандық ауданы әкімінің аппараты, Айманов көшесі, 191;
- Медеу ауданы әкімінің аппараты, Пушкин көшесі, 72;
- Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, Шұғыла ықшам ауданы, 347;
- Жетісу ауданы әкімінің аппараты, Серіков көшесі, 2а;
- Түрксіб ауданы әкімінің аппараты, Шолохов көшесі, 9. Тал отырғызу жұмыстарын 1-15 қараша аралығында жүргізіп, фотоесеп жолдау қажет. Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтініштер қарастырылмайды.
Қосымша ақпарат алу үшін Жасыл қорды бақылау бөліміне: 272-54-89, 87479958147 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады»,- делінген басқарма таратқан ақпаратта.