$ 444.32  473.33  4.76

«Кім екенімді білесің бе?»: Экс-депутат мейрамханада жанжал шығарды

Құқық бұзған адамға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Түркістан мәслихатының бұрынғы депутаты қаладағы ойын-сауық мекемесінде жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео "За нами уже выехали" Telegram каналында тарады. Кадрда адам қатты былапыт сөз айтып, мекеме қызметкеріне тиіскен. Ол өзін "VII шақырылған мәслихат депутаты" және "бұрынғы бандит"деп таныстырғаны айтылған.

Түркістан облысы полициясы оқиға 17 қазанда түнде болғанын хабарлады. Мекеме қызметкерлері тәртіп сақшыларынан  көмек сұрады.

"Оқиға орнына полиция жасағы келді. Келген кезде тәртіп сақшылары ер адамның төлем жасаудан бас тартып, жанжал шығарғанын анықтады. Құқық бұзған адамға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған дерек сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ, ер адамның бұрын қалалық мәслихаттың депутаты болғаны және биыл наурызда өкілеттігін тоқтатқаны анықталды", - деп мәлімдеді полицияда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары