18.10.2021, 19:32

Әнші Мирас Жүгінісов: Сүйген қызым ұзатылған күннің ертесінде «мені алып кетші» деп жалынды

Фото: stan.kz
Атастырылған қызы ана атанып, өзге шаңырақтың шамын жаққан.

Әнші Мирас Жүгінісов жеке өмірі жайлы баяндады. Сахнада болған қызықты жайттарын еске алды. Оның бұрынғы кездескен қызымен махаббат хикаясы аяқталған. Бұл жайлы әншінің өзі айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TABOO бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мирас Жүгінісов бүгінде сүрбойдақтар қатарында. Жүрегі бос. Алайда жүрегін жаулаған қыз жоқ. Бұрынғы жыл кездескен қызы өзгенің жары атанған. Атастырылған қызы ана атанып, өзге шаңырақтың шамын жаққан. 

“Бұрынғы кездескен қызым менен екі жас үлкен еді. Айырылысып кеттік. Оның жастай атастырылған жігіті болды. Мен оны барлық жерден құлыпқа қойып тастадым. Мүлде хабарласпадым. Онымен сөйлеспедім. Достарымнан онда бәрі жақсы екенін білдім. Оның еш уайымсыз жүргенін естідім. Біржола ұмыттым. Бір күні Грузияда концертке қатысатын болдым. Сахнаға шығар алдында бір хабар келді. Желі арқылы хабарласып тұр. “Мен кеше ұзатылдым. Мені алып кетші” деді. Мен оны алып кетпейтінімді айттым. “Күйеуіңді аяймын” дедім. Сондай ауыр сөз айттым. Шынында да әйеліңнің біреуге хабарласып тұрғаны – аярлық нәрсе. Ол кезде бәрін ұмытқанмын. Ол кезде маған бәрібір болды. Егер ұзатылмай тұрып айтса, басқаша болар ма еді”, –деді әнші.

Осылайша әншінің махаббат хикаясы аяқталды. Ол өзінің де, сүйіктісінің де отбасылықы жағдайында бәрі жақсы екенін айтты.

“Ол маған пошта арқылы көп хаттар жазған екен. 100-ден астам хат келіпті. Бәрін оқып шықтым. Ода қазір бәрі жақсы. Менде де еш сезім қалған жоқ”, –дейді Жүгінісов. 

Әнші сахнада болған қызықты жайттарын баян етті. 

“Таразға  концертке бардым. Әлдененің ашылу салтанаты болды. Ұйымдастырушылар орыстар еді. Менің жанкүйерлерім көп болатынын, менің танымал екенімді білген жоқ. Ол кезде мен де өзімді танымалмын деп ойламадым. Ән айтып болған соң қыздардың бәрі сахнаға жүгірді. Жан-жағымнан тартқылап жатты. Бір қыз секіріп мініп, ернімнен сүйіп алды. Жап-жас қыз. Олардың тәрбиесіне таңғалдым. Біздің тәрбиемізге келмейді. Біз қазақпыз. Мен ондай қыздарды түсіне алмаймын. Ұйымдастырушылар мұндайды көріп таңғалды. Қыздардан мені арашалап әкетті”, – дейді әнші. 

Мирас Жүгінісов қыздармен сөйлесетінін мойындайды. Алайда қыз-жігіт болып кездесетін ешкімі жоқ екенін айта кетті.  

Тегтер: әнші