$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған келіншек ұсталды

Сот-медициналық сарапшылар баланың туғанда тірі болған-болмағанын анықтауда.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Шымкентте полиция қызметкерлері жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастай салған әйелді тапты, деп хабарлайды Stan.kz Otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

Еске салсақ, нәрестенің денесін бір күн бұрын Шымкенттегі мейрамханалардың бірінің маңынан аула сыпырушылары тауып алған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол "Анасының өз туған нәрестесін өлтіру" бабы бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот-медициналық сарапшылар баланың туғанда тірі болған-болмағанын анықтауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары